Алкогольді майлы қуырылған етпен бірге ішу ұйқы безінің зақымдану қаупін арттырады. Бұл туралы медицина ғылымдарының кандидаты, гастроэнтеролог Екатерина Кашух айтты.
"Алкоголь суды кетіреді, ал минералдар – калий, кальций, магний, мырыш онымен бірге кетеді. Алкогольдің әсерінен дәрумендер нашар сіңеді, ал майлы ет пен алкогольдің "дуэті" ұйқы безінің зақымдану қаупін арттырады", - деп түсіндірді маман.
Дәрігердің айтуынша, кәуап жегенде асқазан-ішек жолдарының жедел және созылмалы аурулары, сондай-ақ жүрек және қан тамырлары проблемалары бар адамдар мүмкіндігінше алкогольден бас тарту керек.
Айта кету керек гастроэнтеролог кәуапқа қандай ет пайдалы екенін айтқан болатын.