- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Еріксіз жылайсың". Блогер...
"Еріксіз жылайсың". Блогер Ырысбала Икрамбай көпбалалы ананың арманын орындады
Блогер Ырысбала Икрамбай кезекті баспананының кілтін көпбалалы анаға табыстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жалғызбасты аналар мен әкелерді баспаналы етуді мақсат еткен Ырысбала Икрамбай кезекті 65-баспананың кілтін жеті балалы жалғызбасты анаға табыстады. Ол осыған дейін де талай мұқтаж жанды үйлі еткен болатын.
Ол туралы блогер өзінің Instagram-парақшасына жариялады.
"Ырысты әскерім сіздердің мейірімді жүректеріңіздің арқасында алынған 65-баспана. Халықтың батасы дарыған, құтты баспана болсын! Қазақтың жерінде үйсіз қазақ болмасын. Жеті балалы Мәдина анамызды баспаналы ету үшін қор ашқанда, "үлкен ұлына көлік те алып берейік" дедіңіздер. Қаражат сіздердікі, мен сіздердің айтқандарыңызға мойынсұнамын. Үйді осылай табыстадық, мойнымыздан ауыр жүк, аманаттарыңыз түсті", - делінген видеода.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сондай-ақ, Ырысбала Икрамбай осы үйдің үлкен ұлына көлік мінгізіп, жұмысқа орналастыруға уәде берді. Желі қолданушылары блогерді қолдап, түрлі пікір қалдырған.
"Көлік алып берсе, нұр үстіне нұр болар еді", "Ішінде тек той, қуаныш болсын", "Жарайсыздар", "Кезекті баспана құтты болсын", "Балалары жас екен, көмек қолын тағы да созайық", "Жақсылық жаса, ол қолыңнан келмесе үндеме" , "Аналарының қатты қиналып кеткені көрініп тұр", "еріксіз көзге жас келеді" - деді олар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Е. Ерболұлы