Алматы облысындағы ескерткішке Путин туралы балағат сөз жазғандар іздестіріліп жатыр

Алматы облысындағы ескерткішке Путин туралы балағат сөз жазғандар іздестіріліп жатыр

Алматы облысындағы ескерткішке Ресей президенті Владимир Путин туралы балағат жазғандар іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға Алматы облысы, Ұзынағаш ауылындағы христиан зиратында болған.

Белгісіз адамдар Герасим Колпаковский ескерткішіне  "Путин чмо" деп жазған. Бұл деректі Жамбыл аудандық полиция басқармасы тіркеген.

Қазіргі уақытта куәгерлер мен мұны жасағандар іздестіріліп жатыр. Кейін қолданыстағы заңнама бойынша тиісті шешім қабылданады. 

"Аталған оқиға бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434 бабы (Бұзақылық жасау) бойынша әкімшілік іс қозғалды", - деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Саламат Сабыр
 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан