- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстандық компания неге...
Қазақстандық компания неге арзан сатылды? Сәтқалиев жауап берді
Энергетика министрі қазақстандық ірі мұнай компаниясының төмен бағамен сатылуына қатысты жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін Үкімет бірнеше жыл бұрын Қазақстанда мұнай-газ саласында жұмыс істейтін ірі компания жекеменшікке сатылғанын хабарлаған болатын. Ол төмен бағамен сатылған.
Қазақстан делегациясының Иранға сапары барысында Tengrinews.kz тілшісі Алмасадам Сәтқалиевтен компанияның нақты кімге сатылғаны белгілі ме, "ҚазМұнайГаздың" бұрынғы жанар-жағармай құю станцияларының бұл мәмілеге қатысы бар ма деп сұрады.
"Тергеу шаралары жоспарланған. Сондықтан бұл оқиғаны тексеретін тиісті мемлекеттік органдармен келісу қажет. Белгіленген тәртіппен жақын арада уәкілетті орган оның кім екені туралы хабардар етеді деп ойлаймын", - деп жауап берді Алмасадам Сәтқалиев.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек