- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркия президенті Ердоған...
Түркия президенті Ердоған инфаркт алды - БАҚ
Түркиядағы бұқаралық ақпарат құралдары 26 сәуірде Режеп Тайып Ердоғанды қолдауға арналған митингінің бәрі тоқтатылғанын, қазір президент ауруханаға жатқызылғанын жазып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы AVAZTÜRK басылымы хабарлады.
Басылымның хабарына қарағанда, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған тікелей эфир кезінде жағдайы күрт нашарлап, миокард инфарктісін алған.
Қазір ол ауруханаға жатқызылған, ал дәрігерлер саясаткердің жағдайы ауыр деп отыр.
"Кеше жергілікті арналардың біріндегі (Ulke TV) сұхбат кезінде саясаткердің кенеттен басы айналып, есінен танып қала жаздады. Оператор камераны дереу жүргізушіге бұрып жіберіп, содан кейін хабар бірден үзіліп, жарнама берілген. Шамамен 20 минуттан кейін хабар қайта жалғасты. Фондағы аудиожазба кезінде тікелей эфирде Ердоғанның жүрек талмасы ұстағаны туралы ақпарат келіп түсті", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан