Танымал әнші Әмре костюмын 1 миллион 400 мың теңгеге сатты

Танымал әнші Әмре костюмын 1 миллион 400 мың теңгеге сатты

Әмре лақапатымен танымал әнші Ернар Садирбаев костюмын 1 миллион теңгеден аса ақшаға сатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесінің айтуынша, костюмы аукцион арқылы сатылған.

"Костюмымды тікелей эфирде аукционда ойнатып жатырмыз. Сүйікті костюмымды сатып жатырмын", - деді ол әлеуметтік желіде.

Алайда әнші түскен ақша қайырымдылыққа жұмсалатынын жеткізді.

"Сау бол сүйікті костюмым. 1 415 000 теңге жинап, костюм кетті. Түскен ақша Қадырбаев бастаған қайырымдылыққа, Нұрали ініміздің еміне жұмсалады", - дейді ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова