"Шетелге билет сыйлады". Әнші Мәдина Сәдуақасованы қуантқан кім?

"Шетелге билет сыйлады". Әнші Мәдина Сәдуақасованы қуантқан кім?

Әнші Мәдина Сәдуақасоваға "Жақсы адамдарым" бағдарламасында шетелге билет сыйланды , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бағдарламада өнерге қалай келгенін, бейнебаяндар қалай түсіргенін айтқан өнер иесі керемет сыйлыққа ие болды. Cыйлыққа әншінің "Жұлдыздармен сырласу" бейнебаяны себеп болған.

Бағдарлама барысында Қарақат Әбілдина бір топ бортсерікті ортаға шақырып, әншіге ерекше тосынсый ұйымдастырған.

"Мәдина ханым бортсерік мамандығын дәріптеп, осы өзіңіздің бейнебаяныңызда көрсеткеніңіз үшін сізге Астана-Баку және Баку-Астана бағытына жолдама ұсынғымыз келеді", - деген студияға келген бортсеріктер.

Әнші Баку қаласында болмағанын және жолдасы екеуі міндетті түрде осы жерге баратынын айтты.

Айта кетейік, бұған дейін әнші Мәдина Сәдуақасова ыңғайсыз видеосына қатысты пікір білдірген болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы