- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Тұрмысқа шыққан соң...
"Тұрмысқа шыққан соң бәрі бітті". Жазира Байырбекова экслюзив сұхбат берді
Әнші Жазира Байырбекова "Жұлдыз фм" студиясында қонақта болып Massaget.kz тілшісі қойған сұрақтарға жауап берді.
Өнер иесі бала кезінде сахнаға шығып, ел алдында ән айтамын деген арманы болмағанын жеткізді. Әншінің әкесі қызының өнерге келуіне ықпал етіпті.
"Мен бала күнімде үлкен сахнаға шыққаныммен, өнер адамы болғым келеді деген арманым болмады. Ол кезде "Тамаша" ойын-сауық орталығынан басқа концерт болмайтын. Соған әкем әкеліп алғаш шығарды. Ауылда, облыста, тіпті республикада таныла бастаған кезде жұлдыз ауруына шалдығып қалдым", - дейді әнші.
Ол тұрмысқа шыққан соң ауылдан шықпайтын келін атанамын деп ойлағанын да жасырмады.
"Тұрмысқа шыққан соң бәрі бітті деп ойладым. Ауылда тұрдық. Сол күйбең тіршілікке көніп жүрген кезде аяқастынан өнерді қайта бастап, күйеуім Жанболатпен сахнадан түспей жүрміз", - дейді Жазира Байырбекова.
Өнер иесі дәл қазір таланатты жастарды қолдауға білек сыбана кіріскен секілді.
"Қазақи музыкалық этно-театр "Тұмар" ансамблін құрдым. Басты мақсат - қазақи болмысымызды ұмытпау және қазақтың аспаптарын ұлықтау. Қазір тыңғылықты жұмыс атқарылып жатыр. Елімізде осындай жастардың көп болуы мені қуантады", - дейді өнер иесі.
Айта кетейік, бұған дейін Жазира Байырбекова күйеуін "жәннатым" дейтіндерге қатысты пікір білдірген еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Е. Ерболұлы