- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жұмыс беруші еңбек...
Жұмыс беруші еңбек демалысын бермей жатыр ма? Заңгер кеңесі
Заңгер азаматтар жақын арада еңбек демалысын алып, тағы да демалысқы шыққысы келсе, алайда жұмыс беруші тарап келіспесе, не істеуге болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.
"Күйеуімің әкесі ауырып қалды. Ол демалыс алғысы келеді, бірақ оған бермеді. 2022 жылы ол қыркүйекте демалыс алды. 2023 жылы алғысы келді, бірақ берілмеді, сондықтан ақысыз күндер алуға мәжбүр болды", - деген басылымға жүгінген оқырмандардың бірі.
Заңгердің сөзінше, бұл мәселе екі тараптың келісімімен жүреді.
"Тараптардың келісімі бойынша бірінші және одан кейінгі жылдар үшін қызметкерге берілетін ақылы еңбек демалысы жылдың кез келген уақытында беріледі. Яғни, қызметкер демалыс құқығын пайдалану үшін міндетті түрде 12 ай жұмыс істеуі қажет емес. Қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру кезегі қызметкерлердің пікірін ескере отырып, жұмыс беруші бекітетін демалыс кестесіне сәйкес жыл сайын айқындалады не тараптардың келісімі бойынша демалыс кестесінен тыс белгіленеді. Егер жұмыс беруші қандай да бір себептермен демалыс бермесе, онда азаматтардың демалыстың басқа түрлерін (жалақыны сақтамай) пайдалануға құқығы бар. Алайда жұмыс берушіні демалыс беруге мәжбүрлеге болмайды", - дейді Алена Дуля.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова