"Көреалмаушылық". Гүлнұр Оразымбетова даулы видеодан кейін жанды дауыста ән салды

"Көреалмаушылық". Гүлнұр Оразымбетова даулы видеодан кейін жанды дауыста ән салды
Фото: әлеуметтік желі

Әлеуметтік желіде әнші Гүлнұр Оразымбетованың "Көкке өрле" әнін айтқан видеосы тараған еді. Видеодан өнер иесінің дауысы жағымсыз естілген. Әнші осы даулы видеодан кейін концерттерінің бірінді жанды дауыста ән салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Гүлнұр Оразымбетова Желідегі парақшасына Қызылордадағы концерттің видеосын жүктеген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Гүлнұр Оразымбетова (@gulnurorazymbetova)

Желі қолданушыларының барлығы дерлік оны қолдап, Желіде тараған видео әдейі жасалғанын жеткізген.

"Дұшпандар өз жауабын Алладан алады. Сен, керемет әншісің", "Аллам қолдасын сені! Қазақ десең өзіңе тиеді, көреалмаушылық", "Гүлнұр мықты әнші ғой", "Аяқтан шалатындардан байқашы", - дейді олар.

 

Айта кетейік, бұған дейін Гүлнұр Оразымбетова әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірген еді.

Еске салайық, әнші бұл жағдай алдағы уақытта концерттерге үлкен жолдама болғанын, жанды дауыста ән салатынын айтқан еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова