Алматы облысында өрісте жайылып жүрген мал арасынан қар барысы табылды

Алматы облысында өрісте жайылып жүрген мал арасынан қар барысы табылды
Фото: видеодан алынған кадр

Алматы облысы Райымбек ауданында қар барысы табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының хабарлауынша, оқиға Текес ауылының маңында болған.

Қар барысы өрісте жүрген мал арасынан табылған. Жергілікті малшы 19 сәуір күні малын өріске жайып жүргенде қар барысына кезіктіргенін айтып, Райымбек аудандық полиция бөліміне хабарлаған.

"Барыс табылған жерге орманшылар мен табиғатты қорғау полциясының қызметкерлері жетеді. Ветеринар мамандар аңның жағдайын тексерді. Әбден әлсіреген жыртқышты Алматы хайуанаттар бағына жеткізуді ұйғарды. Қазір барыс зоббаққа орналастырылды. Оның жағдайы зоология институты мамандарының қадағалауында", - деді облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Нұрлан Орманбеков.

Саламат Сабыр

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан