- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ажырасқым келеді". Мақпал...
"Ажырасқым келеді". Мақпал Исабекова күйеуімен арақатынасы туралы айтты
Танымал әнші Мақпал Исабекова мінезінің ауыр екенін айтып, күйеуімен сөзге келіп қалатынын да жасырмады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол Instagram Stories-інде айтты.
Мақпал Исабекованың оқырманы "күйеуіңізбен сөзге келіп қалғанда жан-жағыңды қирататындай ұрысасыз ба? Ол бұған қалай қарайды" деген сұрақ қойған. Өнер иесі бұл сұраққа ашыла жауап берді.
"Болғанда қандай. Екеуіміз ұрысқан сайын ажырасқым келеді. "Мен сенімен ажырасамын. Сен барып ажырасуға арыз жаз. Әйтпесе, жұрт мені танып қалады, ұят болады" деймін. Ол да айналасын қиратқысы келеді. Бірақ олай жасамайды. Себебі ол қирата бастаса, шынымен ажырасып кетеміз", - дейді Мақпал Исабекова.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек