"Блефаропластика жасату үшін барған". Өскеменде әйел сұлулық салонындағы процедурадан кейін көз жұмды

"Блефаропластика жасату үшін барған". Өскеменде әйел сұлулық салонындағы процедурадан кейін көз жұмды

Өскеменде сұлулық салонындағы процедурадан кейін әйел көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өлім дерегі Өскемен прокуратурасында расталды. Әйел көзіне блефаропластика жасату үшін сұлулық салонына барғаны мәлім болды.

"Сұлулық салонына 1962 жылы туған әйел көзіне блефаропластика жасату үшін жүгінген. Лицензиясы мен медициналық және басқа да қызметпен айналысуға рұқсаты жоқ салон қызметкері процедура жасаған. Біраз уақыттан кейін әйел жансақтау бөліміне түсіп, сол жерде көз жұмды", - делінген хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша, әйел анафилактика шогынан қайтыс болған. Сондай-ақ, биыл 16 сәуірде Қылмыстық кодекстің 322-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды.

Бұл бапта үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек