- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда ерлі-зайыпты журналистер...
Алматыда ерлі-зайыпты журналистер ұсталды
Алматыда журналистер Владимир мен Наргиз Северный ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"ЖШС басшысынан ақша бопсалаған ерлі-зайыпты журналистер ұсталды.
Қазір бұл деректің толық мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде заңды процестік шешім қабылданады", - делінген ІІМ-нің ресми Telegram-арнасында.
Бұған дейін әлеуметтік желіде журналистердің балаларының видео үндеуі тараған болатын. Олар Владимир мен Наргиз Северныйдың қаладағы сауда үйлерінің бірінде көз алдында ұсталғанын мәлімдеді.
"Оларды форма киген бірнеше адам ұстады және тергеушілер жеке заттарын тінтіп, видеоға түсіріп тұрды. Анамды бізбен сөйлестірместен бірден бөлімшеге алып кетті, әкемді бізбен бірге үйге жеткеннен кейін алып кетті. Отбасымның ешқайсы олармен байланысып, телефон соғып, не болып жатқанын біле алмай жатыр, өйткені телефондары тәркіленген", - деді журналистердің ұлы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек