Риддер әкімі Дмитрий Горьковой қайтыс болды

Риддер әкімі Дмитрий Горьковой қайтыс болды

Риддер әкімі Дмитрий Горьковой қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Риддер городской порталына" сілтеме жасап.

"Бүгін қаламыздың әкімі Дмитрий Горьковой Анатольевич дүниеден өтті. Оның жүрегі тоқтап, ауруханада көз жұмғаны белгілі болды", - делінген хабарламада.

Дмитрий Горьковой 2020 жылғы қыркүйектен бастап Риддер әкімі болып қызмет етті.

Дмитрий Горьковой - Шығыс Қазақстан облысының тумасы, 1983 жылы 6 қазанда Шемонаихада дүниеге келген. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша және Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін қаржы және несие мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қаржы полициясында бастаған. 2015 жылғы тамызда 2020 жылға дейін Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек