Атыраулықтар тоғыз жылдан бері дәрі-дәрмек шығаратын зауыттың іске қосылуын күтіп отыр

Атыраулықтар тоғыз жылдан бері дәрі-дәрмек шығаратын зауыттың іске қосылуын күтіп отыр

Атырауда​ тоғыз жылдан бері фармацевтикалық зауыттың құрылысы жарты жолдан тоқтап тұр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазіргі мәжілісмен, сол кезде Атырау облысының әкімі болған Бақтықожа Ізмұхамбетов жылына 800 миллион дәрі шығарады" деп жарнама жасаған зауыт құрылысының енді жалғасу-жалғаспауы белгісіз. Себебі жергілікті әкімдік қанша жерден инвестор іздесе де, зауытқа қызығушылық танытып отырғандар жоқ.

"800 миллион дәрілік таблетка, 300 миллион капсула, 78 миллион ампула, 3 миллион қаптама жақпамай және көктамырға құюға арналған 12 миллион флакон ерітінді өндіреді", - деп мәлімделген зауыт құрылысы туралы.

Фармацевтикалық зауыт құрылысына кезінде қомақты қаражат қаралған. Қаржының 49 пайызын "Атырау" әлеуметік кәсіпкерлік корпорациясы бөлген.

Алайда компания корпорация арқылы бөлінген қаражатты құрал-жабдыққа емес, құрылыс саласына жұмсап жіберген. Қаражат мақсатты жұмсалмағандықтан оны қайтару мәселесі көтерілді. Осылайша, жоба тоқтап қалған.

Содан бері тоғыз жыл өтсе де, зауытты жалғастыруға​ ниет білдірген компания табылмай тұр.

Баян Жанұзақова

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Қ. Әбілдәқызы