- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Өте бақыттымын". Әсел...
"Өте бақыттымын". Әсел Сәдуақасова сүйіктісін көрсетіп, жеке өміріндегі құпияны ашты
Актриса, продюсер Әсел Сәдуақасова сүйіктісімен бірге түскен фото, видеоларын салып, көпшілікке сүйіктісі туралы айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол Instagram-да сүйіктісіне бірнеше сторис арнап, бұған дейін өзіне махаббат жетіспегенін, қазір оны тапқанын жазған.
"Танысып қойыңыздар, менің сүйіктім - Мағжан. Оның жанында өзімді жақсы және жайлы сезінемін, көңіл-күйім көтеріліп-түспейді, алаңдамаймын, тек күліп, жан-тәнімізбен әңгіме айтамыз. (...) Мен қазір өте бақыттымын және мен бұл бақытты бүкіл әлемге сыйлағым келеді", - деп жазды ол.
Актриса сонымен бірге қыздарға бәріне өз бақытын табуын тіледі.
Еске салайық, бұған дейін Әсел Сәдуақасова сүйіктісімен бірге түскен фотосын жариялап еді. Ол сол кезде сүйіктісін ашық көрсетпесе де, оны оқырмандары танып қойды.
Бұл Мағжан Тілеуханов болып шықты, ол актрисадан 7 жас кіші. Мағжан Тілеухановтың өзі маркетолог, блогер Арман Юсуповқа тиесілі "Поток" жобасының негізін қалаушы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан