Қазақстандық студенттің вагнерліктермен бірге соғысып жүргені рас па – СІМ жауабы

Қазақстандық студенттің вагнерліктермен бірге соғысып жүргені рас па – СІМ жауабы
Фото: РИА Новости

Қазақстандық БАҚ пен әлеуметтік желілерде Ресейдегі Тамбов мемлекеттік университетінде білім алып жүрген 23 жастағы қазақстандық студенттің із-түзсіз жоғалып кеткені туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желі мен БАҚ-та тараған жазбаларға қарағанда, қазақстандық студентті "Вагнер" мемлекеттік емес қарулы жасақтың қатарына мәжбүрлі түрде кіргізді деген дерек бар. Тағы бір бейресми ақпаратта оның соғыс болып жатқан аймаққа өз еркімен барғаны айтылады.

Ал ресми өкіл осы оқиғаның рас-өтірігі анықталып жатқанын хабарлады.

"Қолымыздағы мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан азаматы "Вагнер" (ресейлік мемлекеттік емес қарулы құрылым) жеке әскери компаниясымен өз еркімен келісімшартқа отырған. Мәскеудегі Қазақстан Республикасының елшілігі осы азаматтың туыстарының өтініші бойынша Ресей Федерациясының құзыретті органдарына ресми сауал жолдады. Ақпарат тексеріліп жатыр. Консул азаматтың туыстарымен тұрақты байланысып отыр", - деп жауап берді Айбек Смадияров.

Азамат Қойшығара

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан