- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Өзбектің де қаны...
"Өзбектің де қаны бар". Актриса Фариза Ескермес сүйіктісі туралы айтты
Әнші, актриса Фариза Ескермес өзінің сүйіктісі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бұл туралы 7-арнадағы "Қыздар-ай" бағдарламасына берген сұхбатта айтты.
Фаризаның сөзінше, қазақтың жігіттері оның өнеріне қарсы болыпты. Сондықтан оның таңдауы өзге ұлтқа түсіпті.
"Бірінші кезекте махаббат. Ол мені қабылдай білді. Менің өнерімді, менің болмысымды қабылдады. Маған ешқашан қарсы келмеген. Әрдайым менің сөзімді тыңдай білетін, мені сыйлай білетін азамат. Сол қасиетіне ғашық болдым, бірақ қазақ жігіттері маған гүл жіберіп, көңілін білдіріп жүрді. Дегенмен өнеріме түбегейлі қарсы болды. Ұлты негізі өзі қазақ деп айтады, бірақ көп ұлт араласқан. Татардың да, қазақтың да, украиннің де, тіпті өзбектің де қаны бар, бірақ әкесі орыс. Дегенмен де махаббат жерге, ұлтқа бөлінбейді, біз бір-бірімізді жақсы көреміз" , - деді Фариза Ескермес.
Айта кетейік, Фариза Ескермес - Джейран тобының экс-солисі. Ол сонымен бірге "Ақжауын", "Кебенек", "Дала қырандары", "Бажа" сияқты бірнеше сериалға түскен.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Е. Ерболұлы