- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тапсырыс берген жиһаз...
Тапсырыс берген жиһаз келмесе, не істеу керек? Заңгер тұтынушыларға кеңес берді
Қазақстандықтар интернет сауда арқылы тапсырыс берген жиһаздары келмегенін, оған төлеген ақшасы қайтарылмағанын айтып, наразылық білдірді. Бұл жағдайда не істеу керек, қайда жүгіну керек? Massaget.kz тілшісі мұндай жағдайда тұтынушы өз құқығын қалай қорғай алатыны туралы заңгер Мәулен Спанкуловпен сұхбаттасты.
Жиһаз сатып алғанда тұтынушының құқығы қандай?
Дүкенде сатып алушы сатушыдан ұсынылатын жиһаз бен оның өндірушілері туралы сенімді ақпаратты алуға құқылы. Жиһазды сатып алғанда жазбаша түрде келісім жасалуы керек. Келісімшартта мына ақпарат жазылуға тиіс:
- Сатушы фирманың атауы, орналасқан жері (мекенжайы);
- Жиһаздың толық сипаттамасы (атауы, артикулы, сатып алынатын тауардың жиынтығына кіретін заттардың саны, тауардың бағасы);
- Орындау мерзімі (жеткізу, жиһаз жасау мерзімі);
- Төлем тәртібі (100 пайыз алдын ала төлеу немесе бөліп);
- Сатып алушы көрсеткен жиһазды жеткізу орны, сондай-ақ, жеткізу құны;
- Жиһазды орнату шарттары, оның құны;
- Сатушының шарт талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілігі;
- Кепілдік міндеттеме (жиһазды жөндеу).
Тұтынушыға сатып алған тауар ұнамаса...
Сатып алынған жиһаз үйдің интерьеріне сәйкес келмесе немесе тұтынушы көңілінен шықпаса, онда "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" ҚР Заңының "Тұтынушылардың тиіс сападағы тауарды айырбастау немесе қайтару құқығы" 14-бабына сәйкес тұтынушының тауарды сатып алғаннан кейін 14 күн ішінде қайтаруға немесе айырбастауға құқығы бар. Заңның бұл талабы интернет-дүкендегі сипаттама бойынша сатып алынған жиһазға да қатысты.
Бұл жағдайда тұтынушы Заңның 30-бабына сәйкес тиіс сападағы тауарды жеткізу шығынын өз мойнына алады. Жиһазды қайтару үшін тұтынушы қажет құжаттарды ұсыну керек.
Сатып алынған жиһаз сапасыз немесе сипатына сәйкес келмеген жағдайда, Заңның 15-бабына сәйкес тұтынушы:
- сатып алу бағасын мөлшерлес төмендетуді;
- тауар кемшіліктерін өтеусіз жоюды;
- тауар кемшіліктерін жоюға жұмсаған шығынды өтеуді;
- соған ұқсас маркалы (модель, артикул) тауарға ауыстыруды;
- сатып алу бағасын тиісінше қайта есептеп, басқа маркалы (модель, артикул) сондай тауарға ауыстыруды;
- шартты бұзуды және тауар үшін төленген ақшаны қайтаруды талап етуге құқығы бар.
divan.ru
Заңгер Мәулен Спанкуловтың айтуынша, алаяққа тап болған тұтынушы ақшасын 2 жолмен өндіре алады.
Бұл мәселені сатушымен болған Whatsapp-чатты нотариус арқылы куәландырып, түбіртекті тіркеп, Сот кабинеті арқылы сотқа талап арыз жазу арқылы төлеген ақшаңызды өндіре аласыз.
Сондай-ақ, заңгер алақтарға түсіп қалмай, одан алдын ала қорғанудың жолдарын айтты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Алдымен, дүкендегі тауарға тұтынушылар қандай баға беріп, қандай пікір қалдырып жатқанына назар аударыңыз. Егер дүкен парақшасында ЖК немесе ЖСШ атауы шығып тұрса, оларды Әділет министірлігінің сайты арқылы тексеруге болады. Сонымен қатар, Салық органдары сайтынан салығын тексеруге болады", - деді ол.
Көрнекі сурет
Қайда жүгінуге болады?
Заң бойынша, шағым қабылданып, 10 күн ішінде жауап қайтарылуы керек. Егер ондай болмаған жағдайда, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне жүгіне аласыз.
Тұтынушылық құқықтар бұзылған жағдайда шағымды E-tutynushy онлайн-сервисінің көмегімен беруге болады. Комитет мамандары азаматтарға тегін "жедел желі" телефондары бойынша кеңес береді.
- 8-7172-74-98-32;
- 8-7172-74-98-36;
Бұдан басқа төмендегі сілтемелер арқылы жүгіне аласыз:
Тауар бағасы мен чектегі баға сәйкес келмесе не істеу керек?
Еске салайық, бұған жейін интернет сауда арқылы алған тауар көңілден шықпаса, не істеу керегін бөліскен едік. Бұдан басқа, тұтынушының шаш, маникюр не басқа процедурасы сәтсіз болса, өз құқығын қалай қорғай алатыны туралы жазған едік.
Ақпарат дереккөзі: Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!