Такси жүргізушісі Алматыға келген шетелдікті 45 мың теңге төлеуге мәжбүрлеген

Такси жүргізушісі Алматыға келген шетелдікті 45 мың теңге төлеуге мәжбүрлеген
Фото: Александр Фельк

Германия азаматы Алматы әуежайынан қонақүйге жеткізгені үшін такси жүргізушісіне 45 мың теңге төлеуге мәжбүр болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 18 сәуірге қараған түні Қонаев пен Гоголь көшелері қиылысында орналасқан қонақүйге кірер алдында болған. Шетелдіктің айтуынша, жүргізуші әуежай тұрағы аумағында көлікке отырар алдында айтылғаннан 22 есе көп сома талап еткен.

"Әуе айлағы ғимаратының шығысында бейджик таққан адамдар тұрып, өздерін такси қызметін ұсынатын компания қызметкерлері ретінде таныстырды. Олардың бірі көлігіне отыруға көндірді. Жүргізуші менің баратын жеріме дейін екі мың теңге болатынын айтты. Ол қайта есептеп, бұл шамамен төрт еуро екенін айтты. Келісіп көлікке отырдым.

Жеткен кезде жүргізуші телефондағы таксометрді көрсете бастады және 45 мың теңге болғанын көрсетті. Ол өзінің жалдамалы қызметкер екенін және мәселені таксиге отырғызған адам шешетінін, бәрі бір ұйым екенін, көлік оның көлігі емес, фирмаға тиесілі екенін айтты. Мен наразы болған кезде төлемесем, шабаданымды бермейтінін айтып қорқытты. Сондықтан келісуге мәжбүр болдым", - дейді Александр Фельк.

Кейін ер адам қонақүй қызметкерімен сөйлесіп, такси қызметі тым қымбатқа түскенін білген.

"Қыз (қонақүй қызметкері - еск) жүргізуші мені алдап кеткенін айтты. Таңертең "Яндекс.Такси" шақырып, жағдайды бейбіт жолмен шешу үшін әуежайға бардым. "Жайлы" категориясындағы сапар төрт мың теңге болды. Бейджик таққан қызметкерді тапқан кезде ол сол жерде болмаған жүргізушіге жіберді. Сөйлескенімізден нәтиже шықпады, мені көп адам ұстап алып, шығарып, ұрғысы келді. Олар "кеттік, шығып сөйлесейік, түсінейік" деді. Мен суретке түсіруге тырыстым, бірақ бірі менің ұялы телефонымды қағып жібере жаздады.

Содан кейін әуежай ғимаратында орналасқан туристік полиция өкілдеріне бардым. Олар қай аудан жауапты екенін өзара шешті. Содан кейін олар әуежай полициясы істеуі керек деп тапты. Содан кейін полицияның желілік бөліміне жіберді, ал олар маған хабарласатынын айтты. Бірақ бір күннен аса уақыт өтті, ешкім қоңырау шалмады", - деді шетелдік.

Александр Фельк бұл оқиға Қазақстан туралы алғашқы әсеріне ықпал еткенін айтты.

"Мұнда алғаш рет келдім және осындай жағдайға тап болдым. Мұндай алаяқтардың кесірінен ел әлеуетті зор инвестиция мен пайданы жоғалтады. Өйткені мұнда бизнес бойынша ұшып келдім, Қазақстанда өкілдік ашқым келеді. Ал мұнда бірінші минуттан-ақ теріс әсер аласың. Мен орыс тілін білемін, бірақ басқа шетелдіктер, олар енді ешқашан келмейді... Ең дұрысы әуежай әкімшілігі бұл мәселені әуежай мен елдің имиджін құртпау үшін барлық өркениетті елде жасалғандай біржола шешуі керек", - деді ол.

Tengrinews.kz Көліктегі полиция департаментіне жүгінді. Ведомство бұл істі кейін түсіндіруге уәде берген. Ал осыдан кейін Александр Фельк журналистермен қайта байланысып, полициядан бөліміне шақырылғанын хабарлаған. Өйткені күдікті такси жүргізушісі "табылып, ұсталғаны" айтылған. Жарты сағаттан кейін шетелдік тергеу тоқтап, кінәлі табылып, 45 мың теңге көлемінде ақшасы қайтарылғанын жеткізген.

Көліктегі ПД баспасөз қызметі өкілі такси жүргізушісі Алматының 45 жастағы тұрғыны екенін мәлімдеді. Такси жүргізушісі залалды толық көлемде өтеген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова