"Көбі аурудан". 2020 жылдан бері 270 әскери қызметші қайтыс болған

"Көбі аурудан". 2020 жылдан бері 270 әскери қызметші қайтыс болған
Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Сенат отырысы барысында бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев Қазақстан армиясындағы өлім себептері туралы статистиканы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазиевтің баяндамасына сәйкес, 2020 жылдан бастап 270 қазақстандық әскери қызметші қайтыс болған. Оның ішінде 78 жауынгер 2020 жылы, 96 жауынгер 2021 жылы, 85 жауынгер 2022 жылы өмірден өткен. Биыл жыл басынан бері 11 қорғаушы қайтыс болды. Бұл ретте барлық өлімнің 36 пайызы ауруға, 24 пайызы жол-көлік оқиғаларына, 20 пайызы суицидке байланысты болған.

"Құқықтық статистика комитеті мәліметі бойынша, 2018-2022 жылдары елде 17 631 суицид дерегі және 21 332 суицид әрекеті тіркелген. Яғни, 10 мың азаматқа тоғыз суицид пен 11 әрекет келеді. Оның ішінде 86 суицид пен 20 әрекет әскерде болды. Яғни, алты суицид және бір әрекет 10 мың әскери қызметшіге тең келеді. Демек, армияда суицид жиі болады деген қоғамдық пікір ресми мәліметтерге сай келмейді ", - деді бас әскери прокурордың бірінші орынбасары.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова