"Еш себепсіз теуіп жіберген". Дәрігерлер эскалатордан құлаған ер адамның қазіргі жағдайын айтты

"Еш себепсіз теуіп жіберген". Дәрігерлер эскалатордан құлаған ер адамның қазіргі жағдайын айтты

Қарағандыдағы "Сити Молл" сауда үйінде эскалатордан белгісіз біреу теуіп жібергеннен кейін ұшып түсіп, құлаған ер адамның қазіргі жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап. 

Айта кетейік, кеше, 17 сәуірде ер адам эскалатормен түсіп бара жатқан жігітті еш себепсіз арқасынан теуіп жіберген болатын. Ол бұл соққыдан ұшып түсіп, құлады.  

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері ер адамның қазіргі жағдайы туралы айтты. 

"Эскалатордан құлаған ер адам амбулаториялық емдеуге жіберілді. Қазір жағдайы тұрақты", - дейді басқарма өкілдері Massaget.kz тілшісіне. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Karaganda | Караганда ?? (@karaganda.city)

Еске салайық, жағаұстатар видео Instagram-дағы karaganda.city парақшасында пайда болды. Полицейлер күдіктіні қолға түсірді.

Зардап шеккен 25 жастағы Қарағанды тұрғынына дене жарақаттарын келтіру дерегіне байланысты ҚР ҚК 293-бабы 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Полиция қызметкерлері бұрын психиаторлық есепте тұрған 31 жастағы азаматты ұстады. Ол облыстық психоневрологиялық диспансеріне орналастырылды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина