- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жаңаөзендегі жарылыс кезінде...
Жаңаөзендегі жарылыс кезінде зардап шеккендердің бірі жүкті әйел болып шықты
Жаңаөзен ауруханасында тұрғын үй жарылысынан зардап шеккен бес адам жатыр. Олардың бірі - жүкті әйел. Сонымен қатар, қайғылы оқиғадан бірнеше сағат бұрын тұрғындардың бірі қонаққа кеткен. Ол үйге газ дұрыс жеткізілмеген деп санайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Жаңаөзен уақыты бойынша таңғы сағат 4-те екіқабатты үйде жарылыс болды. Алдымен газ баллоны жарылды деген нұсқа айтылды, бірақ кейінірек құтқарушылар басқа себеп айтты.
Осы үйдің тұрғыны Сакибам Мажиева кеше кешке Ақтауға балаларына кеткен. Осылайша, оның пәтерінде ешкім болмаған, өздері де дін аман.
"Мен осы үйде екінші қабатта тұрамын. Кеше балалармен Ақтауға кеттім. Таңғы сағат 5-ке жақын, ұлыма қоңырау шалды. Таңғы 7-де осында болдық. Мен бұл үйде екі жыл тұрдым. Мұнда табиғи газ берілген. Олар оның жер астынан өткізілгенін айтады. Бұл дұрыс емес, жоғарыдан газ жүргізу керек", - дейді Жаңаөзен тұрғыны Сакибам Мажиева.
Таңертеңгі сағат 11-ге дейін 13 тұрғын медициналық көмекке жүгінген, оның ішінде 8 бала бар. Алты адам ауруханаға жатқызылған, бір жәбірленуші санавиациямен облыстық ауруханаға жеткізілген. Қалғандары үйлеріне қайтарылған.
"Үшеуі травматологияда, екеуі жансақтауда және біреуі Ақтауға жіберілді. Зардап шеккендер термиялық күйік алған. Жансақтауда жүкті әйел жатыр", - дейді Жаңаөзен қаласының көпсалалы қалалық ауруханасының директоры Серік Асқаров.
Айта кетейік, оқиға 17 сәуірде таңғы сағат 5 шамасында (Астана уақытымен) Жаңаөзен қаласындағы 2-шағынауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі екі қабатты тұрғын үйде болған. Алдын ала болжам бойынша газ жарылғаны хабарланды. Ал салдарынан 150 шаршы метр кіреберіс қираған.
Еске салайық, бұған дейін Жаңаөзен қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде газ жарылып, салдарынан 11 адам зардап шеккені хабарланған болатын. Сондай-ақ, құтқарылғандарды және медициналық көмекке жүгінгендерді қосқанда барлығы 8 адам ауруханаға жатқызылған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова