Қостанай облысында 15 жастағы жасөспірім мектеп-интернаттан қашып кетті

Қостанай облысында 15 жастағы жасөспірімді іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қостанай облысының полиция департаменті облыста 16 сәуірде Боровской мектеп-интернатынан кеткен 15 жастағы жасөспірім Рустам Ташмағамбетовты іздестіру жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Кәмелетке толмаған бала Әулиекөл ауданының тумасы. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері облыс орталығында және аудандарда іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Полицияның барлық құрамы жұмылдырылған, іздеуге еріктілер қосылған. Жасөспірімнің орналасқан жері туралы ақпараты бар кез келген адамға 102 телефоны арқылы хабарлауды сұраймыз.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!