Ауа райының нашарлауына байланысты астаналық оқушылар қашықтан оқиды

Ауа райының нашарлауына байланысты астаналық оқушылар қашықтан оқиды
Фото: Tengrinews.kz

Ауа райының нашарлауына байланысты астаналық оқушылар қашықтан оқиды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Астана қаласының Білім басқармасына сілтеме жасап. 

17 сәуірде ауа райының қолайсыз болуына байланысты бірінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.

Қазгидромет мәліметінше, 17 сәуірде түнде және таңертең бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні секундына 15-20 метр болады.

Еске салайық, кеше Астанада қар жауа бастаған болатын. Синоптиктердің мәліметінше, қалада қар дүйсенбіге дейін жауады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина