АҚШ-тағы қазақ өзін тонамақ болған 3 жігітті ұрып, қаруын тартып алған

 АҚШ-тағы қазақ өзін тонамақ болған 3 жігітті ұрып, қаруын тартып алған
Фото: ©instagram.com/oljas.kanybek/

Желіде АҚШ-та Олжас Қаныбекке қарулы топтың шабуыл жасағаны, қазақстандықтың олармен төбелескен видеосы таралды. Ол өзін тонамақ болған 3 жігіттің қаруын тартып алған.

"Бұл видеоны анама көрсетпе. Бүгін қару ұстаған жергілікті топ мені тонамақ болды, бірақ менің реакциям оларды таң қалдырды", - деп жазады Қаныбек.


Қазақ жігіті келген дәрігерлерге бокспен айналысатынын айтты:

Келген дәрігерлер "Олар немен ұрды қарумен бе?" деп сұрағанда, отандасымыз: "Иә, қарумен". деп жауап береді. Дәрігерлер одан: "емханаға барғың келе ме?" деп сұрағанда: "ол жоқ, менде бәрі дұрыс. Бұрын бокспен айналысқам" деп жауап береді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Олжас Каныбек (@oljas.kanybek)

Олжасқа 3 қарулы жігіт шабуыл жасаған. Сумкасында ақшасы мен құжаттары болған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Олжас Каныбек (@oljas.kanybek)

"Бетіме тапанша тақағанда қорқып кеттім. Бірақ қазақтың жігіттері мықты ғой. Келген полиция қызметкерлері де не деген жүрегі бар жігітсің деп таң қалып жатыр", - дейді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Олжас Каныбек (@oljas.kanybek)

Полицейлердің бірінің айтуынша, мұндай жағдай бұрын соңды болмаған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Олжас Каныбек (@oljas.kanybek)

"Мына жігіт олардың тапаншасы мен автоматын тартып алған. Үшеуін де ұрған. Бірінің тісі ұшып кеткен" дейді.

Т. Раушанұлы