Астана әуежайы маңындағы өрт аумағы үш есе ұлғайған

Астана әуежайы маңындағы өрт аумағы үш есе ұлғайған

Елордалық өртсөндірушілер өртенген құрғақ шөпті сөндіріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 13 сәуірде сағат 12:28-де Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өртсөндіру бөлімшелері Халықаралық әуежайға маңына барған. Өртсөндірушілер барған кезде 1 гектар алаңда құрғақ қамыс жанып жатқаны анықталған.

"Оқиға орнында жедел штаб, қолда бар құралдарды қолдана отырып, өрт сөндіру учаскелері құрылды. Сағат 14.30 жағдай бойынша өрт аумағы шамамен 3 гектар болады", - делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ASTANA / НОВОСТИ / АСТАНА (@astanovka98)

Қазір Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 40 адамы және 5 техникасы, әкімдіктің 4 суару-жуу машинасы өртті ауыздықтап жатыр. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталатыны хабарланды.

Ал Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы мәліметінше, өрт әуе айлағы қызметіне әсер етпеген. Астана әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова