Гүлзира Айдарбекова 55 жасын дүркіретіп атап өтті

Гүлзира Айдарбекова 55 жасын дүркіретіп атап өтті
Фото: instagram.com/zangaar

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова туған күнін дүркіретіп атап өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ең алдымен продюсерді жақындары түнде күтіп алған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Zangar Nurtas (@zangaar)

Қуанышты күннен түрлі фото мен видеоны продюсер парақшасында бөлісті. Гүлзира Айдарбекованың ұлы Қайрат Нұртас анасына ән арнаған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

Гүлзира Айдарбекованың туған күн кешін танымал әзілкештер Қайрат Әділгерей мен Елдос Қадірханов жүргізген. 

"Көз жасыңыз тек қуаныштан болғай!", - дейді продюсердің ұлы Заңғар Нұртас. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Zangar Nurtas (@zangaar)

Әнші Қайрат Нұртас та анасына әсерлі жазба арнаған. 

"Анашым жасына жас қосты деп қуансам да, самайына түскен ақ шашын көріп, жүзіне уақыт салған әжімді көріп қасымда ұзақ жүрсе екен деп тілеуін тілеймін. Себебі өміріме де, өнеріме де жолдама берген адамнан артық қандай байлығым бар менің?! Қасиетті рамазан айында Алла осы байлығымнан айырмашы деп дұға тіледім. Әкем үйдің тірегі, анам әулеттің жүрегі", - дейді әнші. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Кайрат Нуртас (@kair_n)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина