- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада наразылық білдірген...
Астанада наразылық білдірген Жаңаөзен мұнайшыларының көшбасшылары үндеу жасады
Астанада наразылық білдірген "БерӘли Маңғыстау Company" компаниясы жұмысшыларының өкілдері Жолмұрат Ұлықпанов пен Нұрсұлтан Нұрымұлы үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ассалаумағалайкүм Қазақ елі! Біз қазір Астана өңіріндегі полиция бөліміндеміз. Біздің қазір қойып отқан келісім бойынша Жаңаөзеннен келген азаматтарды пойызбен, қалғанын ұшақпен жіберуі керек. Ертең Қазмұнайгаз өкілдері мен прокурорлар арасында Өзенмұнайгаз арасындағы болып жатқан мәселесі бойынша комиссия жүреді. Кейін біз санаулы 4-5 адаммен Қазмұнайгаз өкілдерімен келісімшартқа отырып, жол жүрейін деп отырмыз. Қазір біздің басымыз аман. Қазақстанда резонанс тудырмай, үйлеріңізге тыныш оралуыңызды сұраймын", - деді видеодағы Жолмұрат Ұлықпанов.
"БерӘли Маңғыстау Company" компаниясының өкілі Нұрымұлы Нұрсұлтан қазір Астанада екенін, бәрі полиция бөлімінен шығарылғанын айтты.
"Бәрі жақсы. Маңғыстау халқы, біз аманбыз. Таңертең пойызбен жігіттер кетеді. Біз қалып Министрлік өкілдерімен, Қазмұнайгаз өкілдерімен шаруаларды шешіп, хаттамаларды толтырып, нақты хаттамамен жұмыс істейміз. Жаңаөзен халқына рақмет", - дейді ол видеода.
Еске салайық, бұған дейін Жаңаөзеннен барған 60-70-ке жуық адам талаптарын айтып, Энергетика министрлігі ғимаратының алдына жиналды. Бұл мәселеге қатысты "Қазмұнайгаз" түсінік берді.
Ал Үкімет отырысында елордаға келген жаңаөзендік мұнайшыларға қатысты вице-премьер Алтай Көлгінов пікір білдірді. Вице-премьердің айтуынша, бұл келіссөздер процесі де, барлығы да заң аясында шешілуге тиіс.
Ал бүгін Астанада министрлік алдында жиналған жұмысшыларды арнайы жасақ ұстап әкетті. Полиция Астанаға өз талаптарымен барған жаңаөзендік жұмысшыларды Энергетика министрлігі ғимаратының маңында ұстап әкетуге қатысты пікір білдірді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек