- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев отандық кәсіпкерліктің...
Тоқаев отандық кәсіпкерліктің мәселелерін шешу жөніндегі ұсыныстарды тыңдады
Президент "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Райымбек Баталовты қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысына шағын және орта бизнесті дамыту тәсілдерін жетілдіру, отандық кәсіпкерліктің мәселелерін шешу жөніндегі Палатаның қызметі туралы мәлімет берілді.
Кездесуде еліміздегі кәсіпкерлікті дамытудың негізгі бағыттарына ерекше назар аударылды. Райымбек Баталов шағын және орта бизнесті қолдаудың бірыңғай кешенді бағдарламасын әзірлеудің маңызды екенін айтты. Оның айтуынша, бағдарламада отандық инвестицияны ынталандыру үшін орта бизнесті дамытуға баса мән берілуі қажет.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев стратегиялық шешімдер қабылдау барысында бизнестің ұстанымын ескеру маңызды екенін айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан