- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мисс атына сай...
Мисс атына сай ма? "Ғалам аруы" атанған қазақстандық қыздың әрекеті қызу талқыға түсті
Әлеуметтік желіде "Ғалам аруы - 2022" атағын иеленген, артынша дисквалификацияға ұшыраған Диана Тәшімбетоваға қатысты тағы бір дау шықты. Желі қолданушылары оның ыңғайсыз отырған сәті көрінетін видеоны қызу талқылап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Журналист Диас Нұрақын Диана Тәшімбетованың әрекетіне наразы болған.
"Қазақтың мисстеріне не болды? Қазақстан атынан "Ғалам аруы Қазақстан - 2022" номинациясын жеңіп алған Диана Тәшімбетова еліміздің намысын қорғайтындай мисс атына сай ма? 19 жастағы "Ғалам аруының" телеграм-каналдарда тарап кеткен видеосына қарасақ, түнгі клубта ішімдік ішіп, өзінің әкесіндей еркектердің құшағында отырғанын көреміз. Былтыр Диана "Мисс Қазақстан" байқауына қатысып, оның "Ғалам аруы Қазақстан - 2022" номинациясын жеңіп алған болатын. Арада ай өтпей, ұйымдастырушылар ол титулды қайтарып алды. Этика нормаларын бұзғаны үшін деген дәйек айтылған болатын. Ол күдік расқа айналып отыр. Телеграм-каналдарға тараған видео ол "Мисс Қазақстан" байқауына қатысқаннан бұрын түсірілген. Ақпарат бойынша, Диана 19 жасында екі баласы бар үйленген еркектің ашынасы атанып, Дубайда талай демалған", - дейді журналист.
Сонымен қатар, Руслан Шакиров атты Facebook-қолданушысы да Диана Тәшімбетованың видеодағы әрекеті туралы жазған.
"Ең сорақысы, ол Қазақстан атынан әлемдік конкурсқа барайын деп жатыр. Ұят емес пе? Мына жақта біз салт-дәстүрімізбен мақтанып жүргенде, әлем қазақтың қыздары осындай екен деп ойлап қалмай ма? 19 жасында Дубайда екі баласы бар үйленген еркекпен демалып жүрген қыз қалайша қазақтың намысын қорғамақ?", - дейді ол.
Бұл жайтқа қатысты "Қазақстан аруы" ұлттық сұлулық байқауының өкілдері пікір білдірді. Ұйымдастырушылар Диана Тәшімбетова былтыр 30 желтоқсанда титулынан айырылғанын атап өтті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Диана Тәшімбетова ол байқауға бармайды. Біріншіден, "Ғалам аруы - 2023" 14 қаңтарда өтіп кетті. Екіншіден, Диана титулынан айырылған. Ол қазір заңды түрде ешқандай титулға ие емес", - дейді ұлттық сұлулық байқауының ресми өкілдері.
Еске салайық, "Қазақстан аруы - 2022" байқауының финалисі Диана Тәшімбетова байқау ұйымдастырушылары оның "Әлем аруы" байқауына қатысуын қаржыландырудан бас тартты деп мәлімдеген болатын. Ол бұл байқауға 2023 жылдың қаңтарында баруы керек болған.
"Бейтаныс ер адамдар бар мейрамханаға апарды". "Қазақстан аруы" байқауына қатысты дау шықты
Артынша ол дисквалификацяға ұшырады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина