Әнші Асхат Тарғын зәулім үйін салуға қанша жұмсағанын айтты

Әнші Асхат Тарғын зәулім үйін салуға қанша жұмсағанын айтты
Фото: Instagram/askhat_targin

Әнші Асхат Тарғын зәулім үйін көрсетіп, оны салуға қанша жұмсағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі видеода үйге, жерге қанша қаржы жұмсағанын бөлісті. Ол бұл туралы блогер Еламан Ақанбайға айтты. Бұл видео әлеуметтік желіде тарады. 

"Қазіргі бағамен 70 миллиондай ақша керек. Жер 7 соттық, 17-18 миллион теңгеге шықты. Үй 400 шаршы метр", - дейді әнші видеода. 

Еске салайық, бұған дейін әнші Абай Бегей, жұлдызды жұп Әділ мен Дана және ақын Айнұр Тұрсынбаева зәулім үйін көрсеткенін хабарлаған едік. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек