Шымкентте жүргізушісі жоқ автобус қарсы жолаққа шығып кетті: 4 адам қаза тапты

Шымкентте жүргізушісі жоқ автобус қарсы жолаққа шығып кетті: 4 адам қаза тапты
Фото: Видеодан алынған кадр

Шымкентте жүргізушісі жоқ автобус қарсы жолаққа шығып кеткен, салдарынан төрт адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полицияның мәліметінше, жол апаты кезінде жүргізуші автобуста болмаған. Жол апатының салдарынан төрт адам қаза тапқан.

"8 сәуірде кешкі сағат 18:30 шамасында "Метро" сауда үйінің маңындағы екі көшенің қиылысында жүргізушісі басқаруынсыз автобус қарсы бағытқа шығып кетіп, жаяу жүргінші жолағында келе жатқан 6 адамды қағып кеткен. Салдарынан екі әйел мен жасөспірім оқиға орнында және кәмелетке толмаған қыз жансақтау бөлімінде көз жұмды. Тағы екі адам ауруханада жатыр", - деп хабарлады полиция департаментіндегілер.

Оқиға орнына жеткен Шымкент ПД-нің жедел-тергеу тобы жүргізуші соңғы аялдамадан қарсы бағытқа бұрылып, автобусты қол тежегішінде қалдырып, көліктен шығып кеткенін анықтады.

Қазір оқиға орнында анықтаушылар мен криминалистер жұмыс істеп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша соталды тергеу басталып, автобустың жұмысқа жарамдылығын тексеру үшін автотехникалық сараптама тағайындалды. Жүргізуші УҰИ-на қамалды.

Оқиғаның жай-жапсарын оқиға куәгерлері Elitar.kz басылымына айтып берді.

"Бағым бар екен. Мен өтіп кеткен соң, 6 адамды автобус қағып кетті. Өкінішке қарай, 3 адам қаза болды, 3 адам ауруханаға жеткізілді. Олар тірі қалады деп үміттенемін", - деді жол апатының куәгері.

Қайғылы оқиға куәгерлерінің айтуынша, автобус қатты жылдамдықпен келе жатып, аялдамаға соғылған. Олар қатты соққының дыбысын естіген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ОТЫРАР Новости Шымкент (@otyrarkz)

"Қатты соққы болды. Мен әйелдің бірнеше метрге ұшып кеткенін көрдім, ішек құрылысы ақтаралып қалды. Мен оның кім екенін барып қарауға қорықтым. Қазір оны ауруханаларда іздеп жатырмыз", - деді куәгер.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек