- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қызды аяусыз соққыға...
Қызды аяусыз соққыға жыққан: видеоны таратқандар жазаланады
Өскемен полициясы камера алдында қатарласын шешінуге мәжбүрлеген бір топ жасөспірім қыздың видеосын тарату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Yk-news-ке сілтеме жасап.
"Бұл материалдарды заңсыз тарату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы қылмыстық іс шеңберінде оған қатысы бар адамдар анықталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылады", - деді жергілікті полиция қызметі басқармасының Ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Әйгерім Бейсембаева.
Бұл оқиғадан кейін Өскемен қалалық полициясында екінші қылмыстық істің тергеу шаралары қолға алынған. Бірінші тергеу амалдары "Бұзақылық" бабы бойынша жүргізілді.
"Сегіз жасөспірім анықталды. Бесеуі - әртүрлі колледждің студенттері және әртүрлі мектептің үш оқушысы да бар, олар бірнеше күн бойы жәбірленушіні қорқытып, қудалап, ұрып-соғып, видеоға түсірген", - деді ШҚО Прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының прокуроры Сәуле Губашева.
Еске салайық, оқиға Өскемендегі сауда орталығында болғаны хабарланды. Видео дәретханада түсірілген, онда бір қыз екіншісін қатыгездікпен ұрады. Тағы бір қыз оқиғаның бәрін видеоға түсірген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек