- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Айжан Байзақованың күйеуі...
Айжан Байзақованың күйеуі кім?
Қазақстандық танымал блогер Айжан Байзақова күйеуін көрсетіп, оның аты-жөнін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол ұлымен және күйеуімен бірге түскен фотосын Instagram-дағы парақшасына жүктеп, жазба жариялады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Менен басқасының бәрі оны салды, барлығы біледі, бәрі көрді. Біреуді жасырсаң, одан сайын ынтықтара түседі деген бар ғой. Шамасы қызығушылық басылып, бізді тығылып ешкім суретке түсірмейтіндей ететін кез жеткен сияқты.
Әлі есімде, Аланмен де осындай болды, оны қанша жасырдым, нәтиже болмады,
Біз қарапайым отбасымыз, үш мұрын, бес қолымыз жоқ. Кейде біз ешкім араласпаса екен деп, тыныштықты қалаймыз, бірақ менің өмірім тыныш өтпейтін сияқты.Маған ойыңызға келгенді жазуыңызға болады, бірақ баға жетпес отбасыма тиіспеңіз, - деп жазды блогер.
Блогердің оқырмандары әзілдеп "Беташар, Каспи қайда, көрімдік саламыз" деп жазып жатыр.
Айжан Байзақованың күйеуі - Арыстан Нұрбек. Оның Instagram-дағы парақшасындағы фото, видеоларынан бұрын спортпен айналысқанын байқауға болады, оған қазірдің өзінде 16 мыңнан астам адам жазылып үлгерген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан