"Ауызашар кезінде не би мынау". Желідегілер Тұрсынбек Қабатовтың әйелін сынға алды

"Ауызашар кезінде не би мынау". Желідегілер Тұрсынбек Қабатовтың әйелін сынға алды

Ауызашар уақытында секіре билеген Мөлдір Мұқанды Желі қолданушылары сынға алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл видео KazStars есімді TikTok қолданушысының парақшасында жарияланған, ол 426 мың қаралым, 6500 лайк жинаған.

Кадрдан әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанның келген қонақпен ортада ерсі билегенін көруге болады.

@kaz.stars

Биі ұнаса, ЛАЙК❤️

♬ оригинальный звук - Қазақстан жұлдыздары

Желі қолданушылары өнерпаздың жарын сынап түрлі пікір қалдырған.

"Ерсі билеп жүр, ұят екен", "Мына қатынға не болған", "Оразада той болған несі", "Ауызашар кезінде би кеші болып жатыр ма?", "Ауызашар уақытында не би мынау", "Әй, халқым не болды сонша ғайбаттап, өзіне ұнаса билеп жүре берсін", - дейді пікір жазғандар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы