"Тұманның өртке қатысы жоқ". Атырауда бірнеше күнге созылған қамыс өрті сөндірілді

"Тұманның өртке қатысы жоқ". Атырауда бірнеше күнге созылған қамыс өрті сөндірілді
Фото: "Астана" телеарнасы

Каспий теңізінің жағалауындағы қамыс өрті 6 сәуірде сағат 21.30-да толықтай сөндірілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватының ақпаратына сәйкес, бірнеше күнге созылған өрт нәтижесінде жалпы ауданы 1200 гектар жер өртеніп кеткен.

"Қамыс өртінен флора мен фауна зардап шеккен жоқ, өйткені құстардың ұя салу кезеңі әлі басталмаған", - деп нақтылады "Ақ Жайық" резерваты өкілдері. 

Өртті сөндіруге Маңғыстаудан тікұшақ алынды. Жергілікті Экология департаменті өкілдері қалың тұманның өртке қатысы жоғын айтты.

Еске салайық, бұған дейін Атырауда тұрғындар қаланы түтін басқанына шағымданғаны хабарланған болатын. Мұның себебі қамыстың өртенуі болған. Кейін Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері өртсөндірушілер өрт сөндірумен айналысып жатқанын мәлімдеген еді. Сондай-ақ, қамыс өрті тікұшақпен сөндіріліп жатқаны белгілі болды.

Атырау облысындағы төтенше жағдай: іс прокуратураға жолданады

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек