- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қылмыскер балкон арқылы...
"Қылмыскер балкон арқылы кіруі мүмкін". Ақтөбедегі ана мен баланың өліміне қатысты жаңа ақпарат шықты
29 наурызда ақтөбеліктерді жантүршігерлік кісі өлімі дүр сілкіндірді. 35 жастағы әйел мен оның 16 жастағы ұлы өз пәтерінде аяусыз өлтірілді, ал 13 жастағы қыз ауыр жарақатпен ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.
Полиция тергеу барысы туралы да, күдіктілер туралы да ешқандай ақпарат таратпаған. Басылым мәліметінше, Гетиндер отбасы Жеңіс даңғылындағы үшқабатты тұрғын үйде тұрған. Екатерина кафеде әкімші болып жұмыс істесе, Вадим колледжде, ал София №16 орта мектептің 6-сыныбында оқыған. Олардың көршілері, балалардың мұғалімдері мен таныстары тыныш отбасы екенін айтады, сондықтан әлі күнге дейін оларды кім соншалық қатыгездікпен өлтіргенін ешкім түсіне алмайды. Сондай-ақ, олардың көршілері кісі өлтіруші пәтерге екінші қабатта орналасқан балкон арқылы кіргенін, бірақ ешкім ештеңе естімегенін айтты.
Полицияға қоңырау таңғы 5:30-да түскен. Көршілері 102-ге қоңырау шалған сол отбасының қызы екенін айтады. Полиция дереу қылмыс орнына келген, олар тек Софияны құтқарып қалды. Қызға шұғыл түрде операция жасалды.
"Жағдайы орташа ауыр. Қазір есін жиды, оны бейінді бөлімге ауыстырады", - деді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Ербол Жапахов.
Мектеп әкімшілігі әлі күнге дейін болған жағдайға сене алмайды. Олар Гетиндер отбасымен жақсы таныс.
"Софияның сынып жетекшісі отбасының жағдайын тексеруге жиі баратын. Олар біздің мектепте бірінші сыныптан бастап оқымады. Вадим бізден екі сынып қана оқыды, содан кейін колледжге кетті. София өте еңбекқор және сабырлы қыз. Сыныпта оның көптеген досы бар және бәрі жақсы оқиды. Бұл жаңалықтан есеңгіреп қалдық", - дейді №16 орта мектептің директоры Эльвира Галимова.
Осы оқиғадан бірнеше күн бұрын Софияның әкесі өз-өзіне қол жұмсаған. Гетиндердің туыстарының сөзінше, кейінгі кезде қыз онымен мүлдем араласпаған. Қазір Софияның ең жақын туысы - Галина әже, Екатеринаның анасы. Ол Бекқұл Баба ауылында тұрады, дәл сол жерде 31 наурызда Екатерина мен Вадим жерленген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова