- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Неге сонша кеш...
"Неге сонша кеш әке болдым?" Әли Оқапов балалы болу қандай сезім екенін бөлісті
Танымал әнші Әли Оқапов әке атану қандай сезім екенін бөлісті. Ол бұл туралы "1001 ТҮН" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің айтуынша, қазір "неге ертерек әке болмадым?" деген де ой туындайды екен.
"Бірден сезіндім. Біріншіден, көп күттік. Екіншіден, менің де жасым жиырмада емес. Үш кіндік балам бар. Мәдиді де өсірдік. Арамыз үлкен ғой, тоғыз жас. Сондықтан көп күткеннен кейін бірден сезіндім. Туғанда жанында болдым. Қолға алғаннан кейіннен іштей жетіспейтін бірнәрсе бірден толықтырылды. Қазірдің өзінде де "неге сонша кеш әке болдым, неге ертерек болмадым?" дегендей сұрақ бар. Әрине, табиғатқа байланысты ғой. Тағдырдың жазғаны сол", - деді өнер иесі.
Айта кетейік, бұған дейін әнші Әли Оқапов эксклюзив сұхбат беріп, ұлының есімін Зейін деп өзі қойған еді. Кейін Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай ұлдарының бесік тойынан отбасылық суреттер жариялаған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова