"Тіпті біздің қалтамыз көтермейді". Депутаттар ұшақ билетінің бағасына наразы болды

"Тіпті біздің қалтамыз көтермейді". Депутаттар ұшақ билетінің бағасына наразы болды

Сенатта Қазақстандағы әуе тасымалына қатысты мәселелер талқыланды. Сонымен қатар депутаттар ұшақ билеттерінің тым қымбат екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сенатор Амангелді Төлемісов монополияға қарсы тексерулер жүргізіліп, әуе компанияларына айыппұлдар салынса да, ұшақ билетінің бағасы бұрынғыдай жоғары екеніне ашуланды.

"Бағаны негізсіз көтеру және тиісті монополиялық тетіктерді қолдану фактілері болды. Бірақ сіздер бұл фактіні тіркесеңіздер, неге бағаны төмендетпедіңіздер? Тек бір адамды жауапкершілікке тарттыңыздар, бірақ баға жоғары болып тұр. Бұл тұтынушыларымызға, жолаушыларға әсер етеді. Әуе билеттері өте қымбат. Тіпті біздің қалтамыз көтермейді, қарапайым халықтың оны төлеуге мүмкіндігі жоқ", - деді депутат.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Көлік және коммуникациялар департаментінің директоры Нұргүл Жаманованың айтуынша, әуе билеттерінің құны құрылымында негізгі үлесті қазіргі уақытта негізінен әуежайлардың өзінде сатылатын жанар-жағармай алады.

"Жанармайдың құнын төмендету үшін біз басқа іске асырушыларға кемсітпейтін қолжетімділікті (нарыққа - шамамен) қамтамасыз етуді ұсынамыз. Сонымен бірге Азаматтық авиация комитетімен бірлесе отырып, құрылыс салу мәселесін пысықтау қажет деп санаймыз. Басқа компаниялардың, соның ішінде мұнай компанияларының жанармай құю кешендері, нәтижесінде әуежайлардағы керосиннің құны төмендеді", - деді ол.

Сенатор Ғалиасқар Сарыбаев бұл жауапқа күмән келтірді, өйткені оның айтуынша, былтыр керосин бағасы көтерілмеген. Жағдайды егжей-тегжейлі түсіну үшін ол әуе билеттерінің бағасы туралы толық ақпаратты сұрады.

"Сенатқа заңмен келген кезде біз толық қолдадық. Қандай өзгеріс енгізгілеріңіз келді, бәрін істедік. Ал қазір не бітіріп жатырсыздар? Жаңа Қазақстан туралы айтып жатырсыз, бірақ керісінше болып шықты. Бүгінгі жағдай нашар. Бұл саботаж ба, әлде президентке қарсы әдейі жасалып жатыр ма? Бір аптаның ішінде жауабын күтемін", - деді Сарыбаев.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан