- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Тышқандар мен егеуқұйрықтар...
"Тышқандар мен егеуқұйрықтар - бұл үйдің жергілікті тұрғындары". Қарағандыда тұрғындар шағымын жеткізді
Қарағандыда көпқабатты тұрғын үй су үстінде тұр. Жертөлесіндегі су ширек ғасыр бойы тартылмай, ал тиісті мекемелерден еш әрекет болмай, оның зардабын тұрғындар тартып отыр. Ал қысты күні маса қаптап, тышқандар мен егеуқұйрықтар бұл үйдің жергілікті тұрғындарына айналған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Университет көшесіндегі 15-үйдің үйдің жертөлесінде қанша жылдан бері су толып, тұрғындардың жайлы өміріне кедергі келтірген. Себебі жәндіктер мен егеуқұйрықтар қаптап, үй іргесі зақымданған. Бұл мәселелерді әкімдікке талай айтқан Айнагүл Қазанбаева көмек беріп жатқан ешкім жоқ екенін жеткізді.
"Аумақтық-өндірістік кешен, ПИК мүлде жұмыс істемейді. Сол жұмыс істемегендіктен қыс бойы үйімізде маса жүреді. Ол аз десеңіз егеуқұйрықтар мен тышқандар, майда жәндіктер толып жүр. Бұл - антисанитариялық жағдай", - дейді осы үйдің тұрғыны Айнагүл Қазанбаева.
Күн ысыса, су буланып, пәтерде тыныстау мұңға айналады екен. Тұрғындардың сөзінше, үйді қапырық басады. Тұрғын үй-пайдалану кеңсесінің маманы суды тәулігімен тартып жатқандарын айтты. Бірақ тұрғындар олардың бұл әрекетін көрмегенін жеткізді. Ал әкімдік арнайы комиссия құрып, анықтауға бекініпті.
"Коммисия тексеріс жүргізеді. Жертөледегі судан сараптама алынады. Содан кейін іске кірісеміз", - дейді Қазыбек би ауданы әкімдігінің ТКШ және тіршілікпен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Еркебұлан Рысқұлбек.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова