Генерал Күдебаев Қырғызстанға тау арқылы өтуі мүмкін - ҰҚК Шекара қызметінің басшысы

Генерал Күдебаев Қырғызстанға тау арқылы өтуі мүмкін - ҰҚК Шекара қызметінің басшысы

ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы, генерал Серік Күдебаев Қырғызстанмен мемлекеттік шекараны кесіп өтуі мүмкін жерді іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҰҚК Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов Мәжіліс кулуарында Күдебаев ресми өткізу бекеттері арқылы Қырғызстанмен шекараны кесіп өтпегенін айтты. Бүгінде қазақстандық шекарашылар күш құрылымдарындағы әріптестерімен бірлесіп, оның мемлекеттік шекарадан өтуі мүмкін жерді іздеп жатыр. Ал Алдажұманов қашқын генерал тау арқылы Қырғызстанға өтуі мүмкін екенін айтты.

"Қырғызстанмен мемлекеттік шекара 1257 шақырым болады. Алматы бағытында Алатау тау жотасы бар. Менің ойымша, қаласа әрі осы бағытта техникалық күзет құралдары болмаса, іздесе, мемлекеттік шекарадан өтуге мүмкіндік бар шығар. Мұны анықтау үшін тексеріс жүргізіліп жатыр", - деді Шекара қызметінің директоры журналистердің сұрақтарына.

Еске салайық, бұған дейін прокурор Серік Күдебаевты 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрағаны хабарланған болатын. Кейін күдікке ілінген генерал Күдебаев ауруханаға түскені белгілі болды. Сондай-ақ, Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы төртінші рет кейінге шегерілді. 

Генерал Серік Күдебаев сотқа мәжбүрлі түрде жеткізіледі

Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланғаны белгілі болды. Сондай-ақ, оның жұмыс істеп тұрған шекара бекеттерінен өтпегені хабарланды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова