- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Лас ауа. Атырауда...
Лас ауа. Атырауда журналистер митингіге шыққалы жатыр
Атырауда журналистер экологиялық ахуал нашарлағанына наразы. Сондықтан олар митингіге шығуға ниетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бейбіт шеруді ұйымдастыруға бастамашы болған журналистердің бірі Лаура Сүлейменованың айтуынша, шеру 9 сәуірде өтеді.
"Экологиялық проблемаларға арналған бейбіт шеруге рұқсат алдық. Митинг 9 сәуірде сағат 11.00-де тұрғындар қалашығындағы "Мұнайшы" стадионының көлік тұрағы аумағында болады. "Қосыламын" деген тұрғындарды шеруге қатысуға шақырамыз. Бұл - біздің қаламыз", - деп жазды Лаура Сүлейменова Facebook желісіндегі парақшасында.
Еске салайық, бұған дейін Атырауда тұрғындар қаланы түтін басқанына шағымданғаны хабарланған болатын. Мұның себебі қамыстың өртенуі болған. Кейін Атырау облысы Төтенше жағдайлар департменті өкілдері өртсөндірушілер өрт сөндірумен айналысып жатқанын мәлімдеген еді. Сондай-ақ, қамыс өрті тікұшақпен сөндіріліп жатқаны белгілі болды.
Атырау облысындағы төтенше жағдай: іс прокуратураға жолданады
Баян Жанұзақова
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова