Бірқатар министр қызметін сақтап қалды

Бірқатар министр қызметін сақтап қалды
Фото: elements.envato.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бірқатар министр қызметін сақтап қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әділет министрі өз лауазымында қалған.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының әділет министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Ол бұл қызметке биыл қаңтарда тағайындалған еді.

Асхат Оралов та министр қызметінде қалды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Раздықұлы Оралов Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада. 

Шенеунік биыл 4 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрі қызметіне тағайындалған еді.

Әлібек Қуантыров ұлттық экономика министрі лауазымында қалды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлібек Сакенұлы Қуантыров Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

2022 жылғы 11 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.

Тамара Дүйсенова да еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына қайта тағайындалды.

"Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына тағайындалсын", - делінген хабарламада.

Ол бұл қызметке 2022 жылғы 11 сәуірден бастап тағайындалған еді.

Марат Қарабаев индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымына қайта тағайындалды.

"Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымына тағайындалсын", - делінген хабарламада.

Ол - 2023 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

Ажар Ғиният денсаулық сақтау министрі лауазымында қалды.

"Ажар Ғиният Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалсын", - делінген хабарламада.

Ол былтыр 11 қаңтарда денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалған болатын.

Министр қызметінде Мусин де қалды.

"Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына тағайындалсын", - делінген хабарламада.

Саясат Нұрбек те министр қызметінде қалды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Саясат Нұрбек Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабараламада.

Юрий Ильин төтенше жағдайлар министрі лауазымына қайта тағайындалды.

"Юрий Викторович Ильин Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрі лауазымына тағайындалсын", - делінген хабарламада.

Ербол Қарашөкеев ауыл шаруашылығы министрі лауазымына қайта тағайындалды.

"Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі лауазымына тағайындалсын", - делінген хабарламада.

Ғани Бейсембаев оқу-ағарту министрі лауазымына қайта тағайындалды.

"Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалсын", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова