Үш баламен 9-қабаттан секіріп кеткен: жантүршігерлік оқиға тіркелді

Үш баламен 9-қабаттан секіріп кеткен: жантүршігерлік оқиға тіркелді
Фото: kherson.net.ua

Ташкент тұрғыны үш баламен тоғызыншы қабаттан секіріп кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Podrobno.uz-ке сілтеме жасап.

Ол алдымен ұлдарды итеріп жіберген. Сосын қызын қолына алып, онымен бірге секіріп кеткен. Ана да, балалар да аман қалмады. Басылым мәліметінше, Өзбекстанның бас прокуратурасы жантүршігерлік қайғылы оқиғаның егжей-тегжейін тексеріп жатыр. 

"Қайғылы оқиға 3 сәуірде сағат 19:20-да көпқабатты үйлердің бірінде болды. Тоғызыншы қабаттағы пәтерде тұратын 27 жастағы әйел белгісіз себептермен үш баласын - екі ұлды (4 және 5 жаста), сондай-ақ, бір жасар қызын жатын бөлмесінің терезесіне апарған. Алдымен ол ұлдарды терезеден лақтырып жіберген, содан кейін қызды алып, онымен бірге секіріп кеткен", - делінген хабарламада.

Қазір тәртіп сақшылары жантүршігерлік әрекеттің себебін анықтап жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек