Танымал туристік орындағы әуе шарында ерлі-зайыпты тірідей өртеніп кетті

Танымал туристік орындағы әуе шарында  ерлі-зайыпты тірідей өртеніп кетті
Фото: видео кадры

Мексикада ерлі-зайыпты әуе шарында тірідей жанып кетті, олардың 13 жастағы қызы күйіп қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға туристер арасында танымал Теотиуакан археологиялық аймағы маңында болған. Әуе шарында ерлі-зайыпты 13 жастағы қызымен болған. 

Бір сәтте әуе шарынан өрт шыққан. Басылым мәліметінше, өртке оранған адамдар әуе шарынан секіріп түсе бастаған. 50 жастағы ер адам мен 38 жастағы әйелі оқға орнында қайтыс болған. Ал олардың қызы ІІ және ІІІ деңгейдегі күйік шалған. 13 жастағы қыз ауруханаға жеткізілді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина