- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтауда бірден екі...
Ақтауда бірден екі қызды көлік қағып кетті
Фото:
Lada.kz
Ақтауда бірден екі қызды көлік қағып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, оқиға 1 сәуірде сағат 23.20 шамасында 15-шағынауданда болған. Оқиға орнына полицейлер мен жедел-жәрдем қызметкерлері келген.
Lada Kalina жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып кеткені анықталды. 16 және 22 жастағы екі қыз зардап шеккен. Олар облыстық ауруханаға жеткізілді.
Ал жүргізушіге әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 610-бабы бойынша хаттама толтырылды. Көлік айып тұрағына жеткізілді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина