"Әдемі келіншек болатынын бұрыннан білгенмін". Жұрт Кәмшат Жолдыбаеваның шай құйып жатқанын көріп, тәнті болды

"Әдемі келіншек болатынын бұрыннан білгенмін". Жұрт Кәмшат Жолдыбаеваның шай құйып жатқанын көріп, тәнті болды

Жұрт әнші Кәмшат Жолдыбаеваның шай құйып жатқанын көріп, тәнті болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

TikTok-та танымал әншінің басына орамал тағып, шай құйып тұрған видеосы тарады. Видеоның актер Артур Төлепов жариялаған. Актердің сөзінше, бұл "келін шайдағы" көрініс. 

@artur_tolepov Келін Чай #рек #рекомендации #fyp ♬ оригинальный звук - Artur 91 ⚔️

"Шай құйғанының өзі кино ғой", "Кәмшат жақсы ана болады", "Тұрысының өзі әдемі, әрбір қызға келін, ана болу нәсіп етсін", "Кәмшаттың әдемі келіншек болатынын бұрыннан білгенмін", "Шай құйғаны күшті екен", - деп жазды Артурдың оқырмандары. 

Еске салайық, 1 наурызда Кәмшат Жолдыбаеваның ұзатуынан видеолар тараған болатын. Алайда әнші де, күйеуі Ғазрет Қажымұқанов та бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірмеді. Артынша Кәмшаттың сіңлісі Алтынай Жолдыбаева әпкесі ұзатылғанын растағандай болып, отбасылық суретті жариялаған еді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина