Жантүршігерлік кадрлар: Жаңаөзенде ит атқандар өз әрекетін видеоға түсірген

Жантүршігерлік кадрлар: Жаңаөзенде ит атқандар өз әрекетін видеоға түсірген
Фото: lada.kz

Желіде жануарларға қатыгездік көрсетілген кадрлар пайда болды. Оқиға Жаңаөзенде болған, - деп хабарлайды Lada.kz

Басылым мәліметінше, бұралқы жануарларды атумен айналысатын адамдар өз әрекеттерін видеоға түсірген. Олар дротикпен (қару - еск.) иттерді қалай атқанын, содан кейін өлекселерді шұңқырға қалай лақтырғандарын көрсеткен. Олардың бірі өлтірілгендердің есебін жүргізген, өлген ит саны - 18.

"Біз мұнда бәрін емдейміз, жануарларды құтқарамыз, иттерді зарарсыздандырамыз, ал олар өлтіреді. Олар тірілерді көлікке салып, күлге лақтырады. Не болып жатыр?" - дейді үй жануарларын қорғаушылар.

Желіде қазақстандықтар бұл әрекетке наразы пікірлер жазған. Олар осы іске шенеуніктердің назар аударуын сұрайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова